Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаевтың ұшағы Ресей аспанында "жоғалып кетті": Президент ұшағы неге көрінбей қалды?

Тоқаевтың ұшағы Ресей аспанында "жоғалып кетті": Президент ұшағы неге көрінбей қалды?
Malim.kz / ЖИ

Журналист Манас Қайыртайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан Президентіне тиесілі деп саналатын ұшақтың онлайн әуе карталарында уақытша көрінбей қалғаны туралы жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналистің мәліметінше, әуе кемесі Қостанай облысы аумағының үстімен өтіп, Ресей бағытына бет алған сәттен кейін әуе қозғалысын бақылайтын сервистерде түсініксіз жағдай тіркелген.

"Қазақстан президентінің ұшағы бірер сағат бұрын Қостанайдың үстінен Ресей аумағына қарай өтті. Ары қарай транспондері ажырады ма, ұшақтың онлайн локациясы бір орында тұрып қалды", – деп жазды Манас Қайыртайұлы.

Айта кетейік, осы күні Давос қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында кездесу өтуі жоспарланған болатын.

Кейінірек журналист ақпаратты нақтылап, Президент мінген ұшақтың Давостан шамамен 300 шақырым қашықтықта орналасқан Штутгарт әуежайына қонғанын хабарлады.

"Ақорда ертең Давоста Тоқаев пен Трамп кездесетінін жазған. Түнде Трамптың ұшағынан ақау шығып, басқасына мініп, қайта ұшқан екен", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер