«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаевтың баспасөз хатшысы елорда атауын өзгерту туралы ұсынысқа пікір білдірді

Тоқаевтың баспасөз хатшысы елорда атауын өзгерту туралы ұсынысқа пікір білдірді

Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай елорда атауын Астана атауына қайтару туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

"Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім. Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ, референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді. Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші роль атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс", - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында.
Автор
Данияр