KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды

• Айгерім Асылова

Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құру қажет. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Съезінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
    — Біз жасанды интеллект дамуынан елдердің қарқынды прогресі үшін жақсы мүмкіндіктер көріп отырмыз. Дегенмен, әдеп нормаларын сақтаудың айрықша маңызды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан бұл саладағы жан-жақты ынтымақтастыққа ашықпыз. Жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, аталған комиссия нейрожелілер мен өзге де серпінді технологияларды жауапкершілікпен пайдаланудың әмбебап қағидаттары жинағын әзірлеумен айналысар еді.

    — Сөз адам қадір-қасиетіне құрмет көрсету, кемсітушілікке жол бермеу, тағдыршешті сипатқа ие шешімдерге бақылау жасау дегенді білдіретін алгоритмдерге арналған өзіндік өсиеттер жайында болып отыр, — деді Президент.

Астанада Әлемдік діндер көшбасшыларының съезі өтіп жатыр.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев дін басшыларын бейбітшілік елшілері деп атады. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →