Жасөспірімдердің жағдайы: қылмыс азайып, буллинг көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

NVIDIA басшысы Тоқаевтың жасанды интеллектіні дамыту жоспарын жоғары бағалады

NVIDIA басшысы Тоқаевтың жасанды интеллектіні дамыту жоспарын жоғары бағалады
Ашық дереккөз

Астанаға алғаш рет келген NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Дженсен Хуанг Қазақстан Президентінің жасанды интеллектіні дамыту жоспарын жоғары бағалады.

Жасанды интеллект әлемдік экономиканы өзгертіп жатыр. Қазақстан да осы үдеріске белсенді қатысуды көздеп, AI технологияларын дамытуға  басымдық беріп жатыр. Бұл туралы Астанаға алғаш рет келген NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Дженсен Хуанг мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Президенті жасанды интеллектіні дамытуды ұлттық басымдық деп жариялаған елдердің ішінде Қазақстан – мен барған алғашқы мемлекет. Жасанды интеллект еліңізді жаңа деңгейге көтеруге, адамдардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ компаниялардың жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті болып, ауқымын ұлғайтуына көмектеседі. Жасанды интеллект қоғамды өзгертеді», – деді Дженсен Хуанг.

Оның айтуынша, жаңа технологиялар қазақстандықтардың мүмкіндіктерін арттырып, отандық компаниялардың дамуына және халықаралық нарыққа шығуына жол ашады.

Астанадағы alem.ai орталығына барған кезде Дженсен Хуангқа Physical AI бағытындағы жаһандық хаб құру жоспарлары да таныстырылды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан инфрақұрылымды дамытып, білікті мамандар даярлауға және жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеуге жағдай жасап жатыр.

NVIDIA басшысының сапары Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған бастамалары халықаралық технологиялық компаниялардың назарын аударып отырғанын көрсетті.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі