«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев туға байланысты Қоянбаев бастаған челленджді қолдап, желіде пікір қалдырды

Тоқаев туға байланысты Қоянбаев бастаған челленджді қолдап, желіде пікір қалдырды

Қасым-Жомарт Тоқаев желіде Нұрлан Қоянбаев жариялаған Қазақстан туымен байланысты челленджін қолдап, Instagram-да пікір қалдырды, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Нұрлан Қоянбаев бастаған челлендж мақсаты Instagram желісінде жазылған пікірлер саны бойынша Гиннес рекордын орнату болатын. Айта кетейік, Қазақстан туы бар жазба 2020 жылдың 25 маусымында жарияланған. Содан бері Қазақстанның мемлекеттік туы жарияланған жазба астына 13 миллионнан астам адам пікір қалдырған. Бүгін Қазақстан туымен байланысты аталмыш флешмобқа ел президенті де қатысты. "Көк туымыз мәңгі желбірей берсін", - деп жазды Тоқаев.

Бұған дейін Қоянбаев әлемдік рекордты жаңарту үшін 100 миллионнан астам пікір жазу керектігін айтқан болатын. "Егер миллионға жуық қазақстандық 100 пікір қалдырса, біздің мемлекеттік туымыз әлемдегі ең танымал суретке айналады", - деген еді ол.

Автор
Данияр