Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев төтенше жағдай мерзімін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды - Қазақстан жаңалықтары

Тоқаев төтенше жағдай мерзімін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды - Қазақстан жаңалықтары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасы президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай режимін 2020 жылдың 11 мамырында 00 сағат 00 минутқа дейін ұзарту.

Қазақстан Республикасының үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірге осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.Бұл Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», - делінген жарлықта.

Бұған дейін президент елдегі төтенше жағдай режимін ұзартатынын айтқан болатын


stan.kz
Автор
Данияр