Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев тарихи құжаттың суретін жариялады

Тоқаев тарихи құжаттың суретін жариялады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи құжаттың суретін жариялады. Президент оның маңызын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тура 28 жыл бұрын маңызды құжаттың қабылданғанын еске салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"18.11.1991ж. Н.Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 ж. бері Қазақстанға 1 млн. астам қазақ көшіп келді", - деп жазды Тоқаев өзінің Твиттер парақшасында.

Айта кетейік, биыл қыркүйек айында мемлекет басшысы "оралман" деген атаудан бас тарту қажеттігін жеткізген еді.

"Бұған дейін айтқанымдай, тарихи отанына оралған қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тартып, "қандас" терминін пайдаланғанымыз жөн. Жеті атасын білетін халыққа "қандас" деген ұғым жарасады", - деп жазды Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Оралмандарға арендалық пәтер тарату мәселесі көтерілді

Қазақстанға қайтып келген қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тарту көптен бері қоғамда талқыланып жүр. Бұл сөздің орнына "қандас", "бауырлас" деген терминдерді қолдану қажет деген пікір бар. Осы мәселе парламентте де көтерілген еді. 


sputniknews.kz
Автор
Данияр