Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Ресеймен ынтымақтастық Қазақстанның ішкі дамуында маңызды екенін атап өтті  

Тоқаев Ресеймен ынтымақтастық Қазақстанның ішкі дамуында маңызды екенін атап өтті  

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік пен одақтастық қағидаттарына негізделгеніне сенімді

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым - Sputnik. Ресей Федерациясымен ынтымақтастық Қазақстанның ішкі дамуындағы маңызды фактор болып саналады, деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия" телеарнасына берген сұхбатында.

Тоқаев Ресей президентімен кездесуінің терең символдық мәні бар екенін мәлімдеді

"Неліктен біз Ресей Федерациясымен ынтымақтастық туралы айтамыз? Өйткені мұнда сөзден басқа, өте маңызды прагматикалық мән бар. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық қағидаттарына негізделген Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы – бұл Қазақстанның ішкі дамуында табысқа жетудің маңызды факторы. Мен оған сенімдімін", - деп атап өтті Тоқаев.

Тоқаев Қазақстанның болашағын қалай көреді?

"Вести Недели" бағдарламасында берген сұхбатында республика президенті Қазақстанның болашағы туралы ой қозғады.

"Бұл, ең алдымен, өркениет адамдары тұратын дамыған ел. Бұл –болашаққа сеніммен қарайтын білімді жастар, бұл – молшылықта өмір сүретін адамдар. Осы мақсатқа жету жолында жұмыс істегім келеді. Алайда бұл мақсатқа сыртқы орта қолайлы болған кезде ғана қол жеткізе аласың", - деп атап өтті ол.  


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан