Ерболат Досаев Ақордадағы қызметінен неге кетті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Қытайға ресми сапармен барды

Тоқаев Қытайға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабаралайды.


Тоқаевты Бейжің әуежайында ҚХР өнеркәсіп және ақпарат министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды.

“Екі күндік ресми сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Сонымен қатар сапар барысында президент Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр Әл-Фараби ескерткішін салтанатты түрде ашпақ. Бұдан бөлек, Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланған.

Автор
Айбар