Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Қырғызстан президентімен келіссөз жүргізді

Тоқаев Қырғызстан президентімен келіссөз жүргізді

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы серіктестік бойынша көптеген мәселені қарастырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков шағын құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президентін "Ала-Арча" резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков Құрмет қарауылын аралап өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін "Ақсақалдар" залында шағын құрамдағы келіссөздер өтті.

Тағы оқыңыз: Қырғызстан президенті Тоқаевты Бішкек әуежайынан қарсы алды – видео

Тараптар екіжақты стратегиялық серіктестік бойынша, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы, сондай-ақ, халықаралық құрылымдар аясындағы көптеген мәселені қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, оның қазақ-қырғыз ынтымақтастығын нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалады.

Қазақстан президенті өзінің Бішкекке жасаған мемлекеттік сапарына зор мән беретінін атап өтіп, екі бауырлас халық арасында ешқандай қарама-қайшылықтың жоқ екенін айтты.

 Сооронбай Жээнбеков Қазақстан президентінің сапары екі ел қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті 2020 жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.  


sputniknews.kz
Автор
Данияр