ка

Тоқаев құқық қорғау органдарымен маңызды отырыс өткізбек

23.06.2025 08:26
0
Тоқаев құқық қорғау органдарымен маңызды отырыс өткізбек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 маусымда құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысын өткізеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді. Жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  басшылары қатысады”, – деп жазды президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай. 

Еске салайық, АҚШ алдағы 48 сағат ішінде Иранның мүмкін шабуылына дайындалып жатқаны туралы хабарлаған едік. Ақпарат көздерінің айтуынша, Иранның АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған әуе шабуылына жауап берері әзірге нақты емес. Қарымта соққы АҚШ-тың шетелдегі немесе ішкі инфрақұрылымдарына, не болмаса екеуіне бірдей бағытталуы мүмкін.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий