KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тоқаев Қазақстан халқы еңбекқор ұлт болуы керектігін айтты

Бауыржан

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстан президенті әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, отандастарын Еңбек күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады. Президент құттықтауын Twitter-аккаунтында жариялады.

"Еңбек күні құтты болсын, отандастар! Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек - бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек", - деп жазды Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетсек, Қазақстанда Еңбек күні 2013 жылдан аталып өтеді. Осы жылы республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев тиісті жарлыққа қол қойған болатын.


sputniknews.kz
Бауыржан
Автордың басқа материалдары