KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тоқаев қаржыгерлердің айлығын өсіру туралы тапсырма берді - Қазақстан жаңалықтары

Мадияр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 1 маусымнан бастап бюджет саласындағы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  сілтеме жасап Stan.kz.

Бұл туралы Қ.Тоқаев өзінің  Twitter-дегі  парақшасында жариялады.

" Үкіметке бюджеттік саладағы еңбекақысы төмен қызметкерлердің жалақысын өсіруді 2019 жылдың 1 шілдесінен  1 маусымына ауыстыруды тапсырдым. Бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің өміріне тікелей әсер етеді", - деп жазды Қ.Тоқаев.

 Айта кетсек, ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға көтеру туралы жариялаған еді.  Осы мақсатта мемлекеттен 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінетін болып шешілген.

Сондай-ақ тұңғыш президент жергілікті атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25 пайызға арттыруды тапсырған. «Бұл жерде орталық пен өңірлер арасында елеулі сәйкессіздік пайда болды", - деп атап өткен еді  Н.Назарбаев.


Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз


stan.kz
Мадияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →