Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Қарағанды облысында төтенше жағдайдың алдын алуды тапсырды

Тоқаев Қарағанды облысында төтенше жағдайдың алдын алуды тапсырды

Президент Қарағанды облысындағы көктемгі су тасқыны жағдайын мұқият бақылауға алу қажеттігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады.

Қазақстан президентіне өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс салаларындағы өндірістің өсімі жөнінде есеп берілді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру, соның ішінде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды", - деп жазды Ақорданың сайты.

Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмекті белгілі бір санаттағы азаматтарға берудің, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтудың маңыздылығын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Тоқаев интернетті қымбаттатпауды тапсырды

Жеңіс Қасымбек туристік кластер қалыптастырудың перспективалары және Ұлытау ауданында қажетті жол инфрақұрылымы, сондай-ақ, Балқаш көлі аймағы мен Қарқаралы ауданында туризм саласын жаңғырту туралы баяндады.

Президент Қарағанды облысындағы көктемгі су тасқыны жағдайын мұқият бақылауға алып, төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті дайындық шараларын жүргізуді тапсырды.  


sputniknews.kz
Автор
Данияр