KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тоқаев пен Путин маңызды мәселелерді талқыға салды

KZNEWS

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан мен Ресей көшбасшылары өзара сенім рухында екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты", - делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшылары үкіметтердің жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі тиімді өзара іс-қимылын атап өтті.
"Қасым – Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Қазақстан астанасында қазан айының ортасында өтетін ТМД, АӨСШК саммиттеріне, сондай-ақ "Орталық Азия-Ресей" Мемлекет басшыларының отырысына қатысуға келісім бергені үшін ризашылығын білдірді. Президенттер тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға келісті", - деп қосты Ақордада.

ҚазТАГ хабарламасы бойынша

Ақпарат: time.kz, Фото:vestikavkaza.ru

KZNEWS
Автордың басқа материалдары