Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Парижден кейін қайда барады?

Тоқаев Парижден кейін қайда барады?

Қырғызстан БАҚ-тарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммитіне қатысады деген ақпарат пайда болды. Kznews.kzтілшісі Мемлекет басшысының жоспарлары туралы оның кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлиден сұрады.


Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті (ТМҰ) 6 қарашада өтеді. 24.kg деректері бойынша, 4 қарашада кешке Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Бішкекке ұшады, 5 қарашаға қараған түні Әзербайжан, Өзбекстан және Түрікменстан басшылары барады, ал Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қарашада таңертең әріптестеріне қосылады.

"4-5 қарашаға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары жоспарланғаны белгілі. Парижде болу бағдарламасы аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы 6 қарашада Бішкекте өтетін Түркі мемлекеттері Ұйымының XI саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға барады", - деп түсіндірді Берік Уәли.

Еске саайық, бұған дейін Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барған болатын. Сейсенбіде Елисей сарайында Мемлекет басшысының Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөздері өтеді.

Автор
Айбар