«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев өзінен көмек сұраған Қостанай тұрғынының мәселесін шешіп беруге уәде етті

Тоқаев өзінен көмек сұраған Қостанай тұрғынының мәселесін шешіп беруге уәде етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы жұмыс сапары кезінде ауыл азаматтарымен кездесіп, тұрғындардың арыз-тілегін тыңдады. Тұрғындардың бірі Қостанайдағы үйінен айырылып қалғанын айтып, Президенттен көмек сұрады, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме басында Мемлекет басшысы жас жігітпен дұрыстап сөйлесу үшін күзетшісін шетке ығыстырып жіберді.

"Қостанай қаласының әкімдігі арқылы үйімізді жалған құжатпен сатып жіберген. Бірінші қалалық сотқа, одан кейін облыстық сотқа жүгіндік. Сот тіпті мәселенің анық-қанығын таразылаған да жоқ. Жоғарғы сотқа жүгініп едік, өтінішті қабылдаған жоқ. Көмектесуіңізді өтінем", - деді тұрғын.
Тұрғынның айтуынша, үйдің шынайы құжаты өзінің қолында.

Президент аталған істің анық-қанығын біліп, азаматтың мәселесін шешіп беруге уәде етті.
Автор
Данияр