Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесіп, 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды kznews.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрлан Әбдіров Мемлекет басшысына алдағы дауыс беруге әзірлік жұмыстарының қалай жүріп жатқаны туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сайлау науқанының маңызына тоқталып, оның елдің қоғамдық-саяси өмірінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Президент сайлауды «Заң және тәртіп» қағидатына сай өткізу қажеттігін айтты. Сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, оған қатысушылардың барлығына тең жағдай жасау маңызды екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясына сайлау заңнамасының талаптарын қатаң сақтап, дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету міндетін жүктеді.