KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тоқаев Нұрпейісовке құрметті атақ берді

Данияр

Белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 96 жасында "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды. Тиісті жарлық Ақордада жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдіжәміл Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

© Sputnik / Тимур Батыршин

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов

"Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", - деп жазылған құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


sputniknews.kz
Данияр
Автордың басқа материалдары