Тоқаевтың телеүндеуінен кейін желі қолданушылары арасында президенттің жұмысына күмәнмен қараушылар көбейді.
Журналист Бағашар Тұрсынбай: "Осы президент тапсырма беріп-ақ жатады. Оңалмай қойдық қой. Екі-ақ нәрсе, не өтірік тапсырма береді. Не ешкім айтқанын тыңдамайды" деді.
Оңғар Қабден: "Төтенше жағдай мен карантинді тоқтатқан Біртанов па еді? Халыққа ақша бермеу үшін Ақорда тоқтатқан болатын. Енді кеп Біртанов кінәлі" деді.
Ақын Қазыбек Иса: "ЦОЙДЫҢ БҰЙРЫҒЫНАН ҚОЙДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ КҮШТІ" деп жаңа мақал ойлап тауыпты.