Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев мырза, араша: "Айдың-Нұры" мен "Дәулеттен" қоры алған аппараттарға СК-Фармация таласып жатыр

Тоқаев мырза, араша: "Айдың-Нұры" мен "Дәулеттен" қоры алған аппараттарға СК-Фармация таласып жатыр

Халықтың тірнектеп жиған ақшасына алынған 63 аппаратты басынан дау арылмай жатқан СК-Фармация өзіне алып, өздері елге таратпақшы. Бұл туралы белсенді, журналист Дәулет Мұқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Естеріңізде болса, әр түрлі елдерден келген гуманитарлық көмектер осы компанияда 2 айдан артық таратылмай қалған еді. Бүгінде бұлардың басшылары қызметінен де кетті. "Дәулеттен" қоры 63 аппарат алды. Одан бөлек "Айдың-Нұры" , Эльмира Ешниязова, Жанат Бақыт жинаған ақшамен жиыны 125 аппарат! Оқырмандарым, бұған біз қарсы шықпасақ болмайды. Үкіметтен бөлінген миллиардтар жоқ болып, енді міне қарапайым халықтан жиналған аппараттардың жай-күйі осындай болып тұр.

"Құрметті Тоқаев мырза, сізден араша сұраймыз! Бұлай болмайды!!! Бұл қайырымды іске тіпті соңғы 100 теңгесін жіберген оқырмандарым да бар. Бұл аппараттарды ӨЗІМІЗ ТАРАТАМЫЗ" деді "Дәулеттен" қорының басшысы.

Автор
Айбар