Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев мемлекеттік орган басшыларының сыртқы қауіп-қатерге дайындығын тексерді

Тоқаев мемлекеттік орган басшыларының сыртқы қауіп-қатерге дайындығын тексерді

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігінде өткен стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Бүгін қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қорғаныс министрлігінде стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Шараға мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Оқу-жаттығу барысында елімізге төнетін сыртқы қатерлерді болдырмау үшін әскери және әскери емес сипаттағы мемлекеттік шараларды жүзеге асыру мәселелері пысықталды", - делінген ақпаратта.

Мемлекет басшысына оқу-жаттығулардың негізгі міндеттері мен кезеңдері туралы мәлімет берілді. Аталған оқу-жаттығулар қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының қорғаныс жүйесі мен әскери қауіпсіздігін сақтау мақсатында ведомствоаралық іс-қимылдарды нығайтуға бағытталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысты

Тоқаев әскери қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ қорғаныс жүйесі алдындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік органдарды дайындау шараларын жолға қою жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Оқу-жаттығу соңында мемлекет басшысы өздерінің әскери борыштарын атқару кезінде қаза тапқан Қазақстан армиясының сарбаздары мен офицерлерінің рухына тағзым етті.


sputniknews.kz
Автор
Данияр