Атырауда полицейлерге шабуыл: екі қызметкер жарақат алды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев коронавирустың екінші толқынының қаупі туралы ескертті - Қазақстан жаңалықтары

Тоқаев коронавирустың екінші толқынының қаупі туралы ескертті - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында коронавирусқа байланысты қазақстандықтарға тағы бір рет жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады", - деп жазды мемлекет басшысы.

Ол қазақстандықтардан санитарлық талаптарды  сақтауды сұрады.

"Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанда 3 маусым күні болған мәліметтер бойынша, коронавирустың расталған жағдайларының саны 11 796-ны құрады, 6240 адам сауығып, 48 пациент көз жұмды.


stan.kz
Автор
Еркебұлан