Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Жаныңыздамыз, жүз жасаңыз": Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаеваға ерекше тілек арнады

"Жаныңыздамыз, жүз жасаңыз": Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаеваға ерекше тілек арнады
Ақерке Бүркітбай. Фото: instagram.com/akerkeburkitbay

Танымал әнші Ақерке Бүркітбай қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаеваны туған күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді. Өнер иесі енесіне деген ыстық ықыласын әлеуметтік желідегі парақшасында білдірді.

Ақерке Бүркітбай Роза Рымбаеваға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, өнердегі жетістіктерінің жемісін көре беруіне тілектестік білдірді.

Әнші құттықтауында енесінің сахна төрінде әлі талай жыл жарқырап жүруіне ниеттес екенін жеткізген.

"Мам, туған күніңізбен! Деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болсын! Әрдайым сахнаның төрінде жарқырап, еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Зейіннің қызығын көріп, әр жетістігіне қуана беріңіз! Жүрегіңіз тыныш болып, аман-есен жүз жасаңыз! Біз әрдайым жаныңыздамыз", – деп жазды Ақерке Бүркітбай.

Өнер иесі жылы лебізінде ұлы Зейінді де ерекше атап өтіп, Роза Рымбаеваға немересінің қуанышы мен жетістіктерін көруді тіледі.

Ақерке Бүркітбайдың құттықтауынан енесіне деген құрметі мен отбасылық жақындығы байқалады.

Айта кетейік, Ақерке Бүркітбай – Роза Рымбаеваның ұлы, әнші Әли Оқаповтың жұбайы. Өнерлі әулеттің келіні әлеуметтік желіде отбасына қатысты жылы сәттерді бөлісіп тұрады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер