Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев коронавирус жұқтырған Мишустинге тезірек сауығуды тіледі

Тоқаев коронавирус жұқтырған Мишустинге тезірек сауығуды тіледі

Көрші ел премьерінің міндетін уақытша үкімет басшысының бірінші орынбасары Андрей Белоусов орындайды

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің премьер-министрі  Михаил Мишустинге коронавирус инфекциясынан тезірек сауығуды тіледі.

"Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге тезірек сауығуды тілеймін. Қазақстан мен Ресей коронавируспен күрес жолында байланыс орнатқан. Бірлескен іс-қимылдың арқасында қиындықтарды еңсеретінімізге сенімдімін", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында. 

Жуырда Мишустин коронавирус жұқтырғанын айтып, Ресей президенті Владимир Путинге оқшауланатынын жеткізген болатын. 

Көрші ел премьерінің міндетін уақытша үкімет басшысының бірінші орынбасары Андрей Белоусов орындайды. 

Ресейде 114 431 адамда коронавирус расталған. 1 169 адам көз жұмды.

Ал Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 3 551 адамға жетті, 25 қазақстандық қайтыс болды.


sputniknews.kz
Автор
Данияр