«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға қол қойды   

Тоқаев көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға қол қойды   

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

 Заң Қазақстандағы мұқтаж отбасыларды қолдаудың жаңа шараларын қарастырады  

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіретін заңға қол қойғанын хабарлады.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мұқтаж отбасыларды қолдау жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған.  

Атап айтқанда, құжат атаулы әлеуметтік кө­мек көрсету критерийін ең тө­менгі күнкөріс деңгейінің 70 процентіне дейін ұлғайтуды көздейді. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасылардағы әрбір балаға 20789 теңге (55 доллар) мөлшерінде төлем жасауға шешім қабылданды, мүгедек балалары бар отбасылар үшін жәрдемақы көбейді.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан