ка

Тоқаев Конго жастарын Қазақстанда білім алуға шақырды

02.08.2024 16:32
0
0
Тоқаев Конго жастарын Қазақстанда білім алуға шақырды

Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго президенті Дени Сассу-Нгессо бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізіп, екі тараптың бірқатар ұсыныстарын жария етті, деп хабарлайды Kznews.kz


Ақорда хабарлағандай, Тоқаев Астана мен Браззавиль арасында мәдени-гуманитарлық байланыс орнату өте маңызды деп санайды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Конго жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсынғанын мәлімдеді», - деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ Тоқаев Конго басшысының орман өсірудің және орманды қалпына келтірудің жаһандық онжылдығын жариялау туралы бастамасына қолдау білдірген.
«Бұл сапар Қазақстан мен Конгоның қарым-қатынастарына тың серпін береді деп санаймын. Сонымен қатар Орталық Азия мен Африка арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етері сөзсіз. Біз бір-бірімізді қолдап, табысқа бірге жететінімізге сенімдімін», – деді Тоқаев.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий