“Жұбайымды шәкіртіме әйелдікке бердім” деген тұрғын жауапкершілікке тартылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев көліктерге салынатын утиль алым көлемін 250 мың теңгеден асырмауды тапсырды

Тоқаев көліктерге салынатын утиль алым көлемін 250 мың теңгеден асырмауды тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге автокөліктерді әкелудің заңсыз арналарына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде мемлекет басшысы 1 қыркүйек күні халыққа жолдауында айтты.

"Алдағы уақытта көліктерді әкелудің барлық заңсыз арналарына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Бұл ретте биылғы жылдың қыркүйегіне дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет.

Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде утиль мөлшері мен бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын", - деді президент.

Тоқаев сонымен қатар бұл шараның іздеуде жоқ және кедендік "тазалықтан" өткен автокөліктерге қатысты болуы керек екенін атап өтті.

Автор
Данияр