"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Иранның дроны Әзірбайжан аумағына құлады

Иранның дроны Әзірбайжан аумағына құлады
Фото: t.me/mash

Бұл ақпаратты Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды kznews.kz.
Мәліметке сәйкес, 5 наурыз күні түскі уақытта Нахчыван Автономиялық Республикасы аумағына Иран территориясынан дронмен шабуыл жасалған. Дрон құлаған жердің маңында орта мектеп орналасқан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі тартылған. Шабуыл салдарынан екі бейбіт тұрғын жарақат алып, әуежай ғимараты зақымданған.

Әзірбайжан тарапы бұл әрекетті халықаралық құқық нормаларын бұзу және аймақтағы жағдайды ушықтыратын қадам деп бағалады. Министрлік Ираннан оқиғаға қатысты қысқа мерзімде түсініктеме беріп, тергеу жүргізуді және мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін шара қабылдауды талап етті.

Осыған байланысты Иранның Бакудегі елшісі Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігіне шақыртылып, оған дипломатиялық нота табысталатыны хабарланды.

Айта кетейік, Әзірбайжан АҚШ пен Израильдің Иранмен қақтығысына қатысып жатқан жоқ.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.