Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Фируза Шәріпованы құттықтады

Тоқаев Фируза Шәріпованы құттықтады

Қазанда өтіп жатқан кәсіби бокс кешінде қазақстандық Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанды.

"Талантты спортшы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!" деді Тоқаев.

https://twitter.com/TokayevKZ/status/1297397892500594688

Ф.Шәріпова (10-1, 5 КО) танзаниялық Хэппи Даудимен (8-6-1, 4 КО) рингке шықты. Қазақстандық боксшы бәсеке тізгінін бірден қолға алып, соққыларын қарсыласына дәл дарыта білді. Аяғымен де жылдам қимылдаған Фирузаның басымдылығы айқын көрінді.

Ақыры оның соққысына шыдай алмаған Х.Доуди бесінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша кәсіби боксқа қайта оралған 25 жастағы Ф.Шәріпова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Ол 2019 жылдың сәуірінен бері рингке шықпаған болатын.

Содан соң боксшы ретіндегі мансабын тоқтататынын мәлімдеп, кейін сәбилі болған-ды.

Автор
Айбар