"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Ердоғанды Түркияның Республика күнімен құттықтады

Тоқаев Ердоғанды Түркияның Республика күнімен құттықтады

Қазақстан президенті биыл Түркияға ресми сапармен барғанын еске алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kznews.kz 

Ақорда жазғандай, жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады.

«Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді», - деп жазады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.