НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардан карантинді сақтауды сұрады.
"Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ", - деді ол өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы кімдердің қауіпсіздігіне аса мән беру керек екенін атап өтті.
"Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет",- деп жазды президент.