АЛМАТЫ, 13 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады. Жиын 14 сәуір, сейсенбі күні видеоконференция форматында өтеді.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жиын барысында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланатынын айтты.
"14 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады", - деп жазды ол.