Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отырғанын және ел намысын қорғап жүрген спортшылардың жетістігін жоғары бағалайтынын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
Мемлекет басшысы бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы ұлттық құрама мүшелеріне жолдаған сәлемінде айтқан.
Президент қазақстандық спортшыларға достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда сәттілік тілеп, жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірген.
"Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан Ойынға қатысушыларға ізгі сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тіледі", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдірген.
Президент ұлттық құраманың ортақ жетістігіне үлес қосқан азаматтардың еңбегі ескерусіз қалмайтынын және жеңіспен оралған спортшылар арнайы марапатталатынын жеткізді.