Алматы облысында балаларды ұрған мешіт ұстазы қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қадиша Беготаева Павлодар әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Қадиша Беготаева Павлодар әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Қадиша Беготаева. Фото: Валерия Бугаева/t.me/baspasozpvl

Қадиша Беготаева Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Ол Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қадиша Қабылдақызы 1969 жылы Новосібір облысында дүниеге келген. 1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтын "Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Павлодар облысы Железин ауданындағы автокөлік шаруашылығында бас бухгалтер болып бастаған.

1995–1999 жылдары Железин ауданының қаржы бөлімінде бас бухгалтердің орынбасары және бас бухгалтер қызметтерін атқарды.

1999–2015 жылдары Железин ауданының қаржы және экономика бөлімінде басшылық қызметтерде еңбек етті.

2015–2021 жылдары Павлодар облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.

2021 жылдан бастап Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Қадиша Беготаеваның мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 30 жылдан асады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер