Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе арттыруды тапсырды - Қазақстан жаңалықтары

Тоқаев дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе арттыруды тапсырды - Қазақстан жаңалықтары

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі дәрігерлердің жалақысын біртіндеп арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Үкіметке осы жылдан бастап ақ халаттылардың еңбекақысын көтеруді тапсырамын. Олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан екі жарым есе көп болуы тиіс", - деді Тоқаев. 

Президенттің сөзінше, бұл көрсеткішке 2023 жылға дейін қол жеткізілуі міндетті. 

Сондай-ақ ол коронавирус пандемиясы кезінде кәсіби дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалғанын атап өтті. Бұған себеп жалақы аздығы, мамандықтың лауазымды саналмайтыны және медициналық қызметкерлердің құқықтары қорғалмағандығы деп көрсетті Тоқаев. 

Атап кетерлік жайт, 2020 жылдың сәуір айында еліміздегі орташа жалақы көлемі 195 935 теңгені құрапты. 

Бұған дейін мемлекет басшысы ЖОО оқытушыларының жалақысы мен докторанттардың шәкірақысын көтеру керек екенін мәлімдеген еді. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан