Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельде Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті, деп хабарлайды kznews.kz.
Ақорданың хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары сөз болды.
Мемлекет басшысы мемлекеттік институттарды одан әрі дамыту, басқару тиімділігін арттыру және халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған өзгерістер туралы айтты.
Тони Блэр – Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі. Ол бұл қызметті 1997-2007 жылдары атқарған. Қазір халықаралық деңгейдегі саяси кеңесші, сарапшы және бірқатар жаһандық бастамалардың жетекшісі ретінде танымал.
Айта кетейік, Тони Блэр 2011-2016 жылдары Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан үкіметінің саяси және экономикалық кеңесшісі болған.