Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуын тамашалады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуын тамашалады

Тоқаев Бішкекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуын тамашалады
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды kznews.kz.

Биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді.

Ауқымды додаға әлемнің 100-ден астам елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар 43 спорт түрінен жүлделерді сарапқа салады. Бағдарламаға қазақ халқының ұлттық спорт түрлері де енгізілген.

Қазақстан атынан жарысқа 150-ден астам спортшы қатысады. Ұлттық құрама өкілдері бағдарламадағы 43 спорт түрінің барлығында бақ сынайды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Бішкекке жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.