Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні бірқатар заңнамалық құжатқа қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі №1015 "Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы" Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды.
Сондай-ақ Тоқаев "Топырақты қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.