Министрлік Бибісара Асаубаеваның жалақысы неге азайғанын түсіндірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше маңызды заңға қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды бекітті.

Бұған дейін бұл құжат арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру тәртібін жетілдіру мақсатында әзірленгені хабарланған еді. Заңда қызметке қабылдау, қызмет өткеру және қызметтен босату тәртібіне қатысты өзгерістер қарастырылған. Сонымен қатар қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын күшейту және еңбек жағдайын жақсарту мәселелеріне де назар аударылған. Бұл өзгерістер ведомстволар жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді деп күтіледі.

Сондай-ақ Президент "Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.

Аталған құжат Қазақстан арқылы өтетін жүк тасымалы көлемін арттыруға, көлік дәліздерін дамытуға және еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған хаттаманы ратификациялау туралы" заңды бекітті.

Бұл келісім Қазақстан мен Оман арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Құжат екі елдің резиденттері болып саналатын жеке және заңды тұлғалардың табысына қосарланған салық салуды болдырмауды көздейді.

Қабылданған заңдардың толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер