Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды kznews.kz.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, президент аталған заңды мақұлдаған. Құжатта рақымшылық қолданылатын азаматтардың санаты, сондай-ақ оны жүзеге асыру тәртібі көрсетілген.
Рақымшылық – белгілі бір санаттағы сотталған адамдардың жазасын жеңілдетуге немесе оларды жазадан босатуға мүмкіндік беретін мемлекеттік шара. Мұндай шешім, әдетте, қоғамға аса қауіп төндірмейтін құқық бұзушылықтар бойынша қолданылады.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Осыған байланысты елде бірқатар құқықтық өзгеріс жүзеге асып жатыр. Бұған дейін жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына жаңа міндетті пәндер енгізілетіні хабарланған еді.