Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Бас прокуратураға Артспортқа бөлінген қаржының жұмсалуын тексеруді жүктеді

Тоқаев Бас прокуратураға Артспортқа бөлінген қаржының жұмсалуын тексеруді жүктеді

 Барлық аймақтағы балалардың қосымша білім алуына мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды kznews.kz тілшісі.

«Нақты ғылымдар мен инженерия саласы бойынша қосымша білім беруге айрықша назар аудару керек. Балаларды дене шынықтыру және академиялық тұрғыдан бірдей дамыту керек. Ауылдық жерде тұратын балаларға баса мән берген жөн. Барлық аймақтағы балалардың қосымша білім алуына мүмкіндігі болуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы құзырлы министрлік пен әкімдіктерге «Артспорт» жобасының жүзеге асырылуын реттеп, жіті бақылауды міндеттеді. «Бұған дейін бөлінген қаржының жұмсалуын тексеру керек. Бұл міндет Бас прокуратураға жүктеледі. Анықталған кемшіліктерді үкіметпен бірлесіп жою қажет», - деді Президент.

Автор
Айбар