Ерболат Досаев «Самұрық-Қазынадан» да шеттетілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Армения премьер-министрінің тез сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді - Қазақстан жаңалықтары

Тоқаев Армения премьер-министрінің тез сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді - Қазақстан жаңалықтары

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Н.Пашинянның тез сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Твиттердегі парақшасында жазба қалдырды. Коронавирус жұқтырған Армения премьер-министрінің қажыр-қайратын сөз ете келе, Тоқаев оның тез арада қатарға қосылып, сауығып кететініне шын ниетпен тілеулес екенін айтты.

«Армения премьер-министрі Н.Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ол өз қажыр-қайратының арқасында дерттен құлан-таза айығып, достас Арменияның игілігі жолындағы қызметіне қайта оралады деп сенемін», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Арменияның премьер-министрі отбасымен қоса коронавирус жұқтырғаны туралы белгілі болған. 


stan.kz
Автор
Еркебұлан