«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік саласында атқарылып жатқан жұмыспен танысты

Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік саласында атқарылып жатқан жұмыспен танысты

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Министр Жұмағалиев мемлекет басшысына ақпараттық қауіпсіздік саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық экожүйе мен адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

"Асқар Жұмағалиев мемлекет басшысына 250-ден асатын тұрғыны бар елді мекендердің барлығы осы жылдың соңына дейін жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етілетінін жеткізді", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, Қазақстан президентіне қалаларды цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді.


sputniknews.kz
Автор
Данияр