Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев әйеліне 12 көлік әперген қор басшысын жұмыстан шығарды

Тоқаев әйеліне 12 көлік әперген қор басшысын жұмыстан шығарды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік желілерде дауға қалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловты жұмыстан босатуға тапсырма берді.



Ол, сонымен қатар, дәріні дұрыс жеткізе алмаған "СК Фармация" басшысы Берік Шәріпті де қызметінен кетіру қажеттігін айтты.
Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС пен "СК Фармация" басшылары жұмыстан шығарылсын. Керек болса, тергеу жүргізген жөн, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың жары, белгілі тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова жақында күйеуі сыйлаған жаңа он екінші автокөлігімен мақтанып, пост қалдырғаны бар. Осыдан кейін басы дауға қалды. Онсыз да бұл қордың жұмысына қатысты сын көп болатын.

Baq.kz

Автор
Айбар