"3 бала әкесіз қалды" – Қарағандыда теміржолшы поездың астына түсіп, мерт болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Топтың арасына іріткі салған": "МузАрт" тобының құрылуына байланысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

"Топтың арасына іріткі салған": "МузАрт" тобының құрылуына байланысты тың дерек шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Түркістан театрының актері Шерхан Саматұлы "Қайырлы таң, Қазақстан" бағдарламасында қонақ болып, "МузАрт" тобына арналған театрландырылған қойылым туралы әңгімеледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Актердің айтуынша, қойылымда топтың құрылу кезеңі мен шығармашылық жолындағы маңызды сәттер сахналық тілмен жеткізілген. Сюжетте топ мүшелерінің қалай бірігіп, өнер жолын бастағаны көрініс табады.

"Басында Мақсат Базарбаев пен Мейрамбек Бесбаев топты құрады.  Яғни, біз трио құрсақ деген арманда жүреді. Мейрамханада ән айтып жатқан Сәкен Майғазиевті көріп қалады. Үшеуі бірігіп, топ құрады. Гастрольдерге шығады. Бір бас продюсер келіп Мақсаттың ойын бұза бастайды. Топтың арасына іріткі салған. Ол Мақсатқа "Сен топқа жараспайтын сияқтысың. Сен жеке ән айтатындай әншісің" дегендей сөздер айтады. Сөйтіп оны жеккөрінішті қыла бастайды. Азғырады, манипуляция жасайды. Ақыры Мақсатты өзі кететіндей қылады. Ең мықты тұсы: Мейрамбектің ауырған кезі. Сол шақта бүкіл халық болып дұғада болған. Сол тұсын балет әртістерінің көмегімен керемет етіп, режиссер істеп шықты. Мұны, бұйырса, қонаққа келгенде көре жатарсыздар", – деді Шерхан Саматұлы.

Сонымен қатар актер қойылым толықтай өмірден алынғанымен, кейбір тұстары көркемдік мақсатта өзгертіліп, әсіреленгенін атап өтті.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер