“Бұл қаланы жақсы көремін“ - Рыбакина Алматы туралы жылы лебіз білдірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда ер адамды белгісіз біреулер басына пакет кигізіп, алып кеткен

Алматыда ер адамды белгісіз біреулер басына пакет кигізіп, алып кеткен
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның басына пакет кигізілген тұрғынды көтеріп әкеткені түсірілген видео тарады. Оқиға Алматыда болғаны анықталды.

Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz

Аталған видео Threads желісінде жарияланды. Кадрдан екі жігіттің кіреберіске кіріп, бір-бірімен сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Кейін олардың бірі басына пакет кигізілген ер адамды иығына салып, сыртқа алып шыққан.

Аталған іс бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр екен. 

“Үш күдікті ұсталып, қамауға алынды. Істі жан-жақты әрі объективті тергеу үшін тергеу-жедел тобы құрылды. Қазір барлық мән-жайды анықтауға, осы іске қатысы болуы мүмкін өзге де адамдарды іздестіруге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Полиция департаменті тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін Астана тұрғыны үйіне келген соң балаларының жанында ұйықтап жатқан жалаңаш ер адамды көргені туралы жазған едік. 

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.