Ресейлік белгілі тележүргізуші және "Газпром‑Медиа Холдингі" компаниясының бас директор орынбасары Тина Канделаки Ресей президенті Владимир Путинді "бейбітшілік пен келісімнің адамы" деп атады, деп хабарлайды kznews.kz.
РФ президенті Владимир Путин Тина Канделакиге Александр Невский орденін тапсырды. Мемлекеттік марапат "бұқаралық ақпараттық құралдарының жұмысына қосқан үлесі және көп жылдық жемісті еңбегі үшін" берілді.
Канделаки президентке алғысын білдіріп, Путин "әлемге бейбітшілік әкелетін адам" екенін айтты.
– Бәлкім, осы залда туғалы емем, өз еркімен Ресей азаматы атанған жалғыз адам шығармын. 25 жыл бұрын маған азаматтық берілді. Сол кезде Владимир Владимировичтің бірінші мерзімі басталған еді. Мен өмір бойы сіздің жетекшілігіңізбен, өз сүйікті еліммен бірге жүріп келемін. Бүгін көп адам бейбітшілік үшін дұға етіп отыр. Ал сіз — әлемге бейбітшілік әкелетін адамсыз, – деді Канделаки.