Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тимур Құлыбаев мемлекетке газ компаниясындағы үлесін берді

Тимур Құлыбаев мемлекетке газ компаниясындағы үлесін берді

Қазақстандық олигарх, тұңғыш президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев мемлекетке "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС 50% үлесін берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.



Сот бұл үлесті Атырау АМӨЗ меншігіне ("ҚазМұнайГазға"тиесілі) қайтару туралы шешім шығарды.



“Соттар заңсыз сатылған мемлекеттік мүлікті қайтару жөніндегі ондаған талаптарды қанағаттандырды. Олардың ішінде өндірістік нысандар, базарлар, коммерциялық үй-жайлар, элиталық учаскелер және т.б. бар. Мәселен, сот шешімі бойынша АМӨЗ меншігіне Атырау қаласындағы Сұйытылған мұнай газды сақтау паркінің 50% үлесі қайтарылды”, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Екі жыл бұрын кәсіпорын құрылтайшылары Тимур Құлыбаев пен Раушан Сағдиева болып табылатын "Joint Technologies" компаниясына аукцион арқылы сатылған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Дариға Назарбаевамен байланыстырылатын қонақ үй иелерінен 1,3 млрд теңге өндірілгенін хабарлағанбыз.

Автор
Еркебұлан