Бадықова тағы тұрмысқа шығып жатыр: желіде сырға салу рәсімінің видеосы тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тікұшақтар Ақорданың үстінен Қазақстан мен Бельгияның туын алып ұшты (ВИДЕО)

Тікұшақтар Ақорданың үстінен Қазақстан мен Бельгияның туын алып ұшты (ВИДЕО)
Фото: Ақорда

Ақордада Бельгияның королі мен патшайымын қарсы алу рәсімі өтті

Қазақстанға тұңғыш рет мемлекеттік сапармен келген бельгиялықтар королі Филипп пен патшайым Матильданы ресми қарсы алу рәсімі өтті. Іс-шара Ақорда резиденциясында өтті, деп хабарлайды kznews.kz

Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның мемлекеттік туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті.

«Салтанатты рәсім барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президенттік оркестр екі елдің әнұрандарын орындады», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.